Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Қаулы · № 172 · қабылданған 15.08.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-34-14-2007-no-30-2008-ekb-41497/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста 15.08.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»

Қолданыста Қаулы № 172 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
«Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
172
Қабылданған күні
15.08.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
15.08.2008 41497_321434.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NS000082
ЭКБ идентификаторы
41497
Редакция идентификаторы
41497_321434
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:58
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңына сәйкес және «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 25 желтоқсандағы 9-19-62, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жізеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына Ұзынкөл аудандық әділет Басқармасында нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 6 наурыздағы № 9-19-69 тіркелген, «Нұрлы жол» ) 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 14) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын;
3 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке қабілетті ата-ана (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күнінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады»;
8 тармақтың 3) тармақшасы «бала жасынан мүгедек болған балалар», деген сөздерден кейін «және жетімдер» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесінде:
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәклетті органның (ата-анасын, ұл (қыз) асырап алушысын, қорғаншысын, қамқоршысын және қорғаншысын) жұмыссыз есебінде тіркеу туралы анықтамасы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесінде:
2 тармақта «тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама» алынып тасталсын;
1 тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған азаматтарға, үйде қызмет көрсетілетін жалғыз тұратын қарт азаматтарға азық-түлік корзинасы мөлшерінің ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (584 теңге) көлемінде өсуіне байланысты, 2008 жылға арналған қосымша әлеуметтік көмек».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.