О внесении изменений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»
Қолданыста
Қаулы
№ 212
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год»
- Атауы (қаз.)
- «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 10.10.2008
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2008 41899_322920.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NS000084
- ЭКБ идентификаторы
- 41899
- Редакция идентификаторы
- 41899_322920
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:46
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
«Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 25 желтоқсандағы 9-19-62, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №34 қаулысына Ұзынкөл аудандық әділет Басқармасында нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 6 наурыздағы № 9-19-69 тіркелген, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 14) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«біржолғы әлеуметтік көмек жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары және кәсіптік орта оқу орындарында білім алу үшін қаржы төлеуіне байланысты, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және ата-анасының қамқорлығынан айрылған, бала жасынан мүгедектерге, дарынды балаларға, толық емес отбасылардың, табысы төмен отбасыларының (ең төменгі күнкөріс деңгейі) балаларына осы жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының нақты оқу бағасына сәйкес бөлінген жергілікті бюджет қаржысынан көрсетіледі».
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«біржолғы әлеуметтік көмек жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары және кәсіптік орта оқу орындарында білім алу үшін қаржы төлеуіне байланысты, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және ата-анасының қамқорлығынан айрылған, бала жасынан мүгедектерге, дарынды балаларға, толық емес отбасылардың, табысы төмен отбасыларының (ең төменгі күнкөріс деңгейі) балаларына осы жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының нақты оқу бағасына сәйкес бөлінген жергілікті бюджет қаржысынан көрсетіледі».
2. «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 192 қаулысы Ұзынкөл ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылсын.