О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 379 "Об утверждении Правил приема в Павлодарский юридический колледж Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 379 "Об утверждении Правил приема в Павлодарский юридический колледж Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 28.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2012 AI54005_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006385_
- ЭКБ идентификаторы
- 54005
- Редакция идентификаторы
- AI54005_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:41
0 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5284 болып енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне қабылдау ережесіне:
4-тармақта «0202002» цифрлары «0202000» цифрларымен өзгертілсін;
5-тармақта:
үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) бұйрығымен тағайындалады.»;
төртінші сөйлем алынып тасталсын;
6-тармақта:
«Басқармасының» деген сөз «Департаментінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Колледж бастығы» деген сөздерден кейін «ҚАЖ комитетімен келісе отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта екінші абзацындағы «0202002» цифрлары «0202000» цифрларымен және «30» цифры «білім беру саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен тағайындалған ҰБТ пәндері бойынша сұрақтар санына сәйкес анықталады» сөздерімен ауыстырылсын;
11-тармақта «Колледж бастығының» деген сөздер «ҚАЖ комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Колледжге қабылдау Колледж бастығының бұйрығымен рәсімделетін комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.»;
16-тармақта «Дене дайындығы көрсеткіштері бойынша» деген сөздерден кейін «ҚАЖ комитетімен келісе отырып» деген сөздермен толықтырылсын.