Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 629 "Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления"

Бұйрық · № 146 · қабылданған 12.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-629-ekb-64295/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 629 "Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления" Күшін жойған Бұйрық ·№ 146 ·12.03.2012
21.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 629 "Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 146 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 629 "Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления"
Атауы (қаз.)
"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
146
Қабылданған күні
12.03.2012
Көрсетілген редакция
21.02.2018 64295_303530.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007487
ЭКБ идентификаторы
64295
Редакция идентификаторы
64295_303530
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:51

0 "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.
Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тіркеу нөмірі (СТН) және заңды тұлғалар және құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша (КҰЖС) коды, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқамалардың тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сол сияқты келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бар болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуін және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Г.А. Марченко ___________
2012 жылғы 12 наурыз

4 20 __ жылғы «___» _____ бастап 20 __ жылғы «__» _____ кезеңдегі валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 146 бұйрығына қосымша
20 __ жылғы «___» _____ бастап 20 __ жылғы «__» _____ кезеңдегі валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды

р/с
Тек­се­рі­ліп жа­тқан са­лық тө­ле­у­ші
Шот ва­лю­та­сы
Ва­лю­та­лық тү­сім­нің тү­суі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
Ке­лі­сім­шар­ттың есеп­ке алу нө­мі­рі және оны бер­ген кү­ні неме­се мәмі­ле төл­құ­жат­та­ры­ның нө­мі­рі және кү­ні
2013 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін­гі ОК­ПО ко­ды
2013 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін­гі СТН
ЖСН/БСН (2013 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін болған жағ­дай­да)
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы
жі­бе­ру­ші­нің ата­уы
кү­ні
тө­лем со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Ескертпе:
2-баған заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшемелері бойынша толтырылады (филиалдарға, өкілдіктерге);
11-баған экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле төлқұжаттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.

Қолданыстағы