О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 629 "Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 629 "Об утверждении формы заключения о поступлении валютной выручки и порядка его представления"
- Атауы (қаз.)
- "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 26.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2018 72142_303528.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008405
- ЭКБ идентификаторы
- 72142
- Редакция идентификаторы
- 72142_303528
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:38
0 "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық қызметі органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.
Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқаманы тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сондай-ақ келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
__________Г.А. Марченко
2013 жылғы 6 наурыз
0 20___ жылғы «__» ___________ бастап 20___ жылғы «__» __________ қоса алғандағы кезеңде валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 107 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 629 бұйрығымен
бекітілген
20___ жылғы «__» ___________ бастап 20___ жылғы «__» __________ қоса алғандағы кезеңде валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
№
Тексерілетін салық төлеуші
Шот
валютасы
Валюталық түсімнің
түсуі туралы
мәліметтер
Келісімшарттың
нөмірі
мен күні
Келісімшартты есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле паспортының нөмірі және күні
жеке
сәйкестендіру
нөмірі/бизнес
сәйкестендіру
нөмірі
(ЖСН/БСН)
Салық
төлеушінің
атауы
жіберушінің
атауы
күні
төлем
сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе:
9-баған экспорт бойынша келісімшарттарды есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.