О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 635 "Об утверждении государственного реестра контрольно-кассовых машин"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 635 "Об утверждении государственного реестра контрольно-кассовых машин"
- Атауы (қаз.)
- "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 02.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 60171_301059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007093
- ЭКБ идентификаторы
- 60171
- Редакция идентификаторы
- 60171_301059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:03
0 "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 5 маусымда № 84 (1507) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 125-126 болатын жолдармен толықтырылсын:
«125. Меркурий 115 ФKZ (115KZ010 нұсқа)
126. МИНИКА 1105 Ф транспорттық (720-00 нұсқа)».