О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 635 «Об утверждении государственного реестра контрольно-кассовых машин»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 635 «Об утверждении государственного реестра контрольно-кассовых машин»
- Атауы (қаз.)
- «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 599
- Қабылданған күні
- 05.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 115496_301027.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015910
- ЭКБ идентификаторы
- 115496
- Редакция идентификаторы
- 115496_301027
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:43
0 «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы
30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, «Заң газеті» газетiнде 2009 жылғы 20 наурызда жарияланған № 42 (1465) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
207.
«Миника 1102 ФKZ» (ломбардтарға, металл және шыны ыдыстарды қабылдау пунктеріне арналған)
208.
«Аппараттық-бағдарламалық кешен Webkassa 2.0»
».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;