Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета"

Бұйрық · № 270 · қабылданған 04.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-644-ekb-53202/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 270 ·04.06.2010
31.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 270 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета"
Атауы (қаз.)
«Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
270
Қабылданған күні
04.06.2010
Көрсетілген редакция
31.07.2014 AI53202_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006295_
ЭКБ идентификаторы
53202
Редакция идентификаторы
AI53202_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:02

0 «Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
19-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшада «тіркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылып, «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдамаған, өткен қаржы жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер сомаларын қайтару.»;
43-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
«1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер – бюджет түсімдерін санаттары, сыныптары, қосымша сыныптары мен бюджет түсімдерін жіктеу ерекшелігі бойынша және бюджет шығыстарын функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша толық көлемде электрондық деректер базасы түрінде және қағаз тасығышта есептіден кейінгі айдың 2 күнінен кешіктірілмей;»;
2) тармақшада «8» деген сан «10» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. 1-27 нысан бойынша деректерге осы Ережедегі 19-қосымшаға сәйкес өзара өтелетін операциялар жөніндегі деректер қоса беріледі.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы ұсынылған деректермен бiрге оның билiгiндегi есеп көрсеткiштерiн салыстыруды жүргiзедi.
Бұл ретте, есептіден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ай сайын және есепті қаржылықтан кейінгі жылдың 12 қаңтарынан кешіктірмей осы Ережедегі 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті деректерді салыстыру актісі жасалады.
Осыдан кейін алшақтық себептерін анықтау және оларды келесі есепті кезеңде жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.»;
46-тармақта:
1) тармақшада «есепті ай» деген сөздер «есептіден кейінгі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Есепте бюджет түсімдері мен шығыстары теңдестірілмеген, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптарының арасында алшақтық болған жағдайда есептіден кейінгі келетін айдың соңына дейін, олардың пайда болу себептері көрсетіле отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының қойылған қолымен қағаз жүзінде расталып, электронды түрде берілетін түсініктеме жазба толтырылады.
Бұл ретте бюджет шығыстары кіретін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдерінде мына бағандар бойынша бюджет шығыстарын жіктеу ерекшеліктері жөніндегі деректер қамтылуы тиіс:
«Есепті қаржы жылына арналып түзетілген бюджет»;
«Түсімдердің және төлемдер бойынша ағымдағы жылғы қаржыландырудың жиынтық жоспары»;
«Түсімдердің және міндеттемелер бойынша ағымдағы жылғы қаржыландырудың жиынтық жоспары»;
«Қабылданған міндеттемелер»;
«Бюджет түсімдерінің атқарылуы және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер».
Көрсетілген бағандарға байланысты есептік деректер ерекшеліктер деңгейіне дейін ведомстволардың аумақтық бөлімшелері 1-27 нысаны бойынша ұсынған деректеріне негізделеді.
Қалған бағандар бойынша деректер кіші бағдарламалар деңгейіне дейін ұсынылады.»;
48-тармақтың 2) тармақшасындағы «10-нан кешіктірмей» деген сөздер «1-не дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар және инвестициялар бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін объектілер бойынша Бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.»;
50-тармақтағы екінші абзацта, 51, 56-тармақтарда «бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
76-тармақта «бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
86-тармақта:
«, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар және» деген сөздер алынып тасталсын;
«бөлімшесіне» деген сөз «бөлімшелеріне» деген сөзбен ауыстырылсын;
88-тармақта:
«мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар және» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бөлімшесіне» деген сөз «бөлімшелер» деген сөзбен ауыстырылсын;
91-тармақта «5» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;
92-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«92. өзге қаражаттар есебінен пайда болған дебиторлық берешек жөніндегі ДЗ-П есебі былай толтырылады:
5 және 6-бағандар бағдарламалық қамтым айқындаған кодтармен толтырылады;
7-бағанда ағымдағы қаржы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. 7-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешек сомасы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы жылдық есеп берген сәттен бастап ағымдағы қаржылық жыл бойы өзгертілмеуі тиіс;
8-бағанда Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ағымдағы қаржы жылы тиісті бюджеттің кірісіне аударылған өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі;
9-бағанда өзге негіздемелер бойынша өтелген (ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер), сот шешімі бойынша шығынға жазылған және т.б.) өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі;
10-бағанда бір бөлігі ағымдағы қаржы жылы өтелгеннен кейін өткен жылдардың дебиторлық берешегінің қалдығы көрсетіледі;
11-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешек көрсетіледі;
12-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетіледі (10 және 11-бағандардың сомасы);
13-бағанда бюджеттік заңнамасындағы белгіленген тәртіпке сәйкес ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінде тіркелген өнім берушілермен және мердігерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен тауарлар мен жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) сатып алу үшін төленген аванстық төлемдердің (алдын ала төлем) сомасы көрсетіледі;
14-бағанда талап арызының мерзімі өткен дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі. Аталмыш берешек есепке мемлекеттік мекеменің балансындағы активтерге, материалдық қорларға, ақшаға, есептеулерге және басқа да баптарына түгендеу жүргізілгеннен кейін және түгендеу актісі жасалғаннан кейін енгізіледі.»;
99-тармақта «және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган» деген сөздер «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-тармақта «мемлекеттiк жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдарға және» деген сөздер «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Ереженің 2-қосымшасының атауында:
«және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға» деген сөздер «, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Ереженің 4-қосымшасындағы «оның ішінде сыртқы займдар есебінен» деген жол алып тасталсын;
осы Ереженің 8-қосымшасында:
«ІІІ. Операциялық сальдо» жолы алынып тасталсын;
«Бюджеттік қаражаттар қалдығының қозғалысы» жолы мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
«Бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары»;
«Анықтамалық:» жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Бюджеттік қаражаттардың қалдығы»;
«ІV, V, VІ, VІІ» деген сандар тиісінше «ІІІ, ІV, V, VІ» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған Ереженің 18-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 19-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Бюджеттік үдеріс әдістемелігі департаменті (А.Н. Қалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Есепті деректерді салыстыру Актісі __________ жылға

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
4 маусымдағы № 270 бұйрығына
1-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттік есептілікті
жасау және беру Ережесіне
18-қосымша
Нысан
Есепті деректерді салыстыру Актісі __________ жылға
Республикасы (облыс, қала, аудан)_________________
Мерзімділік айлық, жылдық
Өлшем бірлік: мың.теңге

Ата­уы
Бюд­жет­ті орын­дау бой­ын­ша уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі бой­ын­ша
Мем­ле­кет­тік бюд­жет­ті қам­та­ма­сыз ету­ді іс­ке асы­ра­тын, аумақ­тық ор­ган­дар­дың де­ректе­рі бой­ын­ша
Ал­шақ­тық (+,-)
1
2
3
4
5
1
Бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
1.1
Кі­ріс
1.2
Шы­ғын
1.3
Бюд­жет­тік кре­дит
1.4
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
1.5
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
1.6
Қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан түс­кен тү­сім
1.7
Займ­дар­дың тү­сі­мі
1.8
Займ­дар­ды өтеу
2
Нақ­ты­лан­ған бюд­жет
2.1
Кі­ріс
2.2
Шы­ғын
2.3
Бюд­жет­тік кре­дит
2.4
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
2.5
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
2.6
Қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан түс­кен тү­сім
2.7
Займ­дар­дың тү­сі­мі
2.8
Займ­дар­ды өтеу
3
Тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
3.1
Кі­ріс
3.2
Шы­ғын
3.3
Бюд­жет­тік кре­дит
3.4
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
3.5
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
3.6
Қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан түс­кен тү­сім
3.7
Займ­дар­дың тү­сі­мі
3.8
Займ­дар­ды өтеу
4
Есеп­ті ке­зең­де­гі тө­лем­дер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру тү­сім­дер­дің жиын­тық жос­па­ры
4.1
Кі­ріс
4.2
Шы­ғын
4.3
Бюд­жет­тік кре­дит
4.4
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
4.5
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
4.6
Қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан түс­кен тү­сім
4.7
Займ­дар­дың тү­сі­мі
4.8
Займ­дар­ды өтеу
5
Есеп­ті ке­зең­де­гі мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша жиын­тық жос­па­ры
5.1
Шы­ғын
5.2
Бюд­жет­тік кре­дит
5.3
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
5.4
Займ­дар­дың тү­сі­мі
6
Бюд­жет­тік тү­сім­дер­дің және /неме­се тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луы
6.1
Кі­ріс
6.2
Шы­ғын
6.3
Бюд­жет­тік кре­дит
6.4
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
6.5
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
6.6
Қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан түс­кен тү­сім
6.7
Займ­дар­дың тү­сі­мі
6.8
Займ­дар­ды өтеу
7
Қар­жы­лық жыл ба­сын­да­ғы бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар
8
Қар­жы­лық жыл со­ңы­на бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар
9
ҚР ҰБ са­лым­да­рын (де­по­зит­тер) ақ­ша ор­на­ла­сты­ру үшін бюд­жет­тің ат­қа­ру жө­нін­де­гі ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға бе­рі­л­ген, уа­қыт­ша бос бюд­жет қа­ра­жа­ты
Бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті
уәкілетті органның басшысы
М.О. ______ __________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Бюджеттің орындалуы туралы есептің
қалыптастыруына жауапты,
ведомства аймақтық бөлімше басшысы
М.О. ________ _________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Мемлекеттік бюджеттің орындалуын
іске асыратын ведомства,
аймақтық бөлімшесінің басшысы
М.О. ________ _________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Мемлекеттік бюджеттің орындалуын
іске асыратын, аймақтық ведомстваның
тиісті құрылымдық сәйкес
бөлімшесінің басшысы
М.О. ________ ________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Ескерту: алшақтық болған жағдайда салыстыру актісіне алшақтықтың пайда болуы туралы кеңейтілген түсіндірме жазба қолданылады

5 Өзара өтелетін төлемдер операциясы бойынша деректер _________________________________ (жергілікті бюджеттің атауы) ____________жылға

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
4 маусымдағы № 270 бұйрығына
2-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттік есептілікті
жасау және беру Ережесіне
19-қосымша
Нысан
Өзара өтелетін төлемдер операциясы бойынша деректер _________________________________ (жергілікті бюджеттің атауы) ____________жылға

2 1-27 нысанына Қосымша

Есеп жасалынды: уақыты
ХN парағына дейін
Республика (область, қала, аудан) ______________________
Мерзімділігі айлық, жылдық _____________________________
Өлшем бірлігі: мың. теңге
Бюд­жет­тік жік­теу жүй­е­сі
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на тү­зе­ту ен­гі­зі­л­ген бюд­жет
Тү­сім­дер мен тө­лем­дер­ді қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі жиын­тық жос­па­ры, есеп­ті жы­л­ға мін­дет­те­ме­лер­ді қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі жиын­тық жос­па­ры
Қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер
Бюд­жет тү­сім­де­рі­нің орын­да­луы/неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (сол бағ­дар­ла­ма ба­ғы­тын­да­ғы)
Есеп­ті жы­л­ға тү­сім­дер мен тө­лем­дер­ді қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі жиын­тық жос­па­ры­на бюд­жет тү­сім­де­рі­нің орын­да­луы/ неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (сол бағ­дар­ла­ма ба­ғы­тын­да­ғы)
Орын­да­ла­тын (бе­кі­ті­л­ген, нақ­ты­лан­ған, тү­зе­ту ен­гі­зі­л­ген) бюд­жет­ке, бюд­жет тү­сім­де­рі­нің орын­да­луы/неме­се бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер (сол бағ­дар­ла­ма ба­ғы­тын­да­ғы), %
Тө­лем­дер бой­ын­ша
Мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
I. Та­быст­ар
II. Шы­ғын­дар
III. Та­за бюд­жет­тік неси­е­лер
х
х
Бюд­жет­тік неси­е­лер
Бюд­жет­тік неси­е­лер­ді өтеу
IY. Қар­жы ак­тив­те­рі­нің опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша қал­дық
х
х
Қар­жы ак­тив­те­рін са­тып алу
Мем­ле­кет­тік қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан түс­кен тү­сім­дер
Мемлекеттік бюджеттің орындалуын жүзеге асырушы, ведомстваның
аймақтық бөлімшесінің басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
М.О.
Жиынтық жоспарды әзірлеуге және құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ ____________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Деректерді құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ __________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Қолданыстағы