Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета"

Бұйрық · № 295 · қабылданған 11.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-644-ekb-66623/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 295 ·11.06.2012
31.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 295 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 644 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности уполномоченными органами по исполнению бюджета"
Атауы (қаз.)
"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
295
Қабылданған күні
11.06.2012
Көрсетілген редакция
31.07.2014 AI66623_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007788
ЭКБ идентификаторы
66623
Редакция идентификаторы
AI66623_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:03

0 "Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесінде:
19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдық сомасы есепке қолмен енгiзiледi, ағымдағы қаржы жылының басынан бастап және соңына дейін өзгерiссiз қалады және ол есептің анықтамалық бөлiмiнде «Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» бағанында көрсетiледi.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыру, инвестициялар бойынша, сондай-ақ өзінің мазмұны бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыруға және «Басқалар» деген бөлімде көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға жатпайтын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін объектілер бойынша басым республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.»;
52-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттердің атқарылуы туралы, басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың, Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептері, жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға осы Ережеге 2, 6, 6-1, 7-қосымшаларға сәйкес (қол қоюмен бекітілмеген) нысандар бойынша қағаз тасығышта және электрондық түрде жібереді. Қағаз тасығыштағы есептер ілеспе хатпен беріледі.»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ереженің мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер үшін белгіленген мерзімінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға (біріктірілген) электрондық түрде ілеспе хатпен жібереді.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай үлгіде толтырылады:
1-5-бағандарда мыналар көрсетіледі:
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны жұмсаудан қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен түсетін шығыстарға арналған ақша» коды;
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және бюджет қаражатының жетіспеушілігі және оны талан-тараж жасау нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 902 «Жетіспеушілік» коды;
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және өзге де себептер нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 903 «Өзге» коды.
Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша есептерді толтыру үшін осы Ереженің 78-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
81-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«81. Қағаз тасығыштағы КЗ-Б нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет қаражаты есебінен құралған кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.
Қағаз тасығыштағы КЗ-П нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке басқа қаражаты есебінен құралған кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-1-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.»;
91-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«91. ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп мынадай түрде толтырылады:
1-5 бағандарда мыналар көрсетіледі:
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны жұмсаудан қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен түсетін шығыстарға арналған ақша» коды;
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және бюджет қаражатының жетіспеушілігі және оны талан-тараж жасау нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 902 «Жетіспеушілік» коды;
бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және өзге де себептер нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 903 «Өзге» коды.
6-бағанда 1-5-бағандардағы кодтарға сәйкес атаулар көрсетіледі;
7-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегi көрсетiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есептi тапсырған сәттен бастап 7-бағанда көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасы ағымдағы қаржы жылының iшiнде өзгермеуi тиiс.
8-бағанда ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылған өткен жылдың дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
9-бағанда басқа негiздер (ағымдағы жылы алынған, сот шешiмi немесе т.б. бойынша есептен шығарылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебiнен) бойынша өтелген өткен жылдардың дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
10-бағанда өткен жылғы дебиторлық берешектiң ағымдағы қаржы жылында бiр бөлiгi өтелгеннен кейiнгi қалдығы көрсетiледi;
11-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi;
12-бағанда есептi күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетiледi (11 және 12-бағандардың сомасы);
13-бағанда әлеуеттi өнiм берушiлермен және мердiгерлермен бюджет қаражаттары есебiнен тауарлар мен жұмыстарды (қызметтердi) сатып алуға жасасқан, бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнде тiркелген шарттың талаптарына сәйкес аванстық (алдын-ала) төлемдердiң сомасы көрсетiледi;
14-бағанда қуыну мерзiмi аяқталған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Көрсетiлген берешек активтердiң, материалдық қорлардың, ақшаның, есеп айырысулар мен мемлекеттiк мекеме теңгерiмiнiң басқа да баптарын түгендеу жүргiзiлгеннен және түгендеу актiсi жасалғаннан кейiн есепке енгiзiледi.»;
92-тармақ алынып тасталсын;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет қаражаты есебінен кредиторлық берешектің құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес, әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебiн түсiндiре отырып, қоса берiледi.
Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке өзге де қаражаты есебінен кредиторлық берешектің құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ережеге 16-1-қосымшаға сәйкес, әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебiн түсiндiре отырып, қоса берiледi.»;
6-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 6-1-қосымшасымен толықтырылсын;
16-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын;
19-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

2 2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
1-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру
ережесіне 6-қосымша
Нысан
Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп
Бюджет түрі: Республикалық
Кезеңділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Код
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
Функ­ци­о­нал­дық топ
ББӘ
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
Ин­ве­стжо­ба­ның ко­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Бар­лы­ғы
I. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар - бар­лы­ғы
II. Заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да мем­ле­кет­тің қа­ты­суы бар бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар - бар­лы­ғы
III. Ны­са­на­лы да­му транс­ферт­те­рі - бар­лы­ғы
IV. Кре­дит­тер - бар­лы­ғы
кестенің жалғасы
Есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры
Қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер 12 ба­ға­ны - 14 ба­ға­ны
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер­дің ат­қа­ры­луы
Есеп­ті ке­зең­ге ауыт­қуы 14 ба­ға­ны - 11 ба­ға­ны
Есеп­ті ке­зең­ге бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер­дің ат­қа­ры­луы 14 ба­ға­ны/11 ба­ға­ны * 100
Жыл­дық жос­па­ры­на бюд­жет тү­сім­дер­дің ат­қа­ры­луы
14 ба­ға­ны/ 9 ба­ға­ны * 100
Ес­керт­пе (бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­ле­рі­нің жос­пар­дың ат­қа­рыл­мауы се­бе­бі­нің негіз­де­ме­сі)
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
тө­лем­дер бой­ын­ша
10
11
12
13
14
15
16
17
18

2 Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған жоспарлау сатыларынан өтпеген бірақ республикалық бюджет жобасына қосылған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
2-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және
беру ережесіне
6-1-қосымша
Нысан
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған жоспарлау сатыларынан өтпеген бірақ республикалық бюджет жобасына қосылған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп
Бюджет түрі: Республикалық
Кезеңділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Код
Ата­уы
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған бе­кі­ті­л­ген бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған тү­зе­ті­л­ген бюд­жет
Функ­ци­о­нал­дық топ
ББӘ
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
Ин­ве­стжо­ба­ның ко­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Бар­лы­ғы
I. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар - бар­лы­ғы
II. Заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да мем­ле­кет­тің қа­ты­суы бар бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар - бар­лы­ғы
III. Ны­са­на­лы да­му транс­ферт­те­рі - бар­лы­ғы
IV. Кре­дит­тер - бар­лы­ғы
кестенің жалғасы
Есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры
Қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мін­дет­те­ме­лер 12 ба­ға­ны - 14 ба­ға­ны
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер­дің ат­қа­ры­луы
Есеп­ті ке­зең­ге ауыт­қуы 14 ба­ға­ны - 11 ба­ға­ны
Есеп­ті ке­зең­ге бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша тө­лен­ген мін­дет­те­ме­лер­дің ат­қа­ры­луы 14 ба­ға­ны/11 ба­ға­ны * 100
Жыл­дық жос­па­ры­на бюд­жет тү­сім­дер­дің ат­қа­ры­луы
14 ба­ға­ны/ 9 ба­ға­ны * 100
Ес­керт­пе (бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­ле­рі­нің жос­пар­дың ат­қа­рыл­мауы се­бе­бі­нің негіз­де­ме­сі)
мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
тө­лем­дер бой­ын­ша
10
11
12
13
14
15
16
17
18

3 Бюджет қаражаты есебінен _____________________________ берешегiнiң

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
3-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және
беру ережесіне
16-қосымша
Нысан
Бюджет қаражаты есебінен _____________________________ берешегiнiң
(бюджеттiң атауы)
қалыптасу себептерi туралы ақпарат
20___ жылға ___________________ арналған жағдай бойынша
Бюджет түрi - ________________________
Кезеңдiлiгi - айлық, тоқсандық, жылдық
Әкiм­шi
Бағ­дар­ла­ма
Кi­шi бағ­дар­ла­ма
Ата­уы
Қарыз со­ма­сы, мың тең­ге
Бе­ре­шек­тiң қа­лып­та­сты­ру се­беп­терi
1
2
3
4
5
6
Бар­лы­ғы
Мемлекеттiк бюджетке қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын
ведомствоның/бюджеттi атқару
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
органның басшысы ____________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Деректердi жасау үшiн жауапты
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ____________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

4 Өзге де қаражат есебінен _____________________________ берешегiнiң

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
4-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және
беру ережесіне
16-1-қосымша
Нысан
Өзге де қаражат есебінен _____________________________ берешегiнiң
(бюджеттiң атауы)
қалыптасу себептерi туралы ақпарат
20___ жылға ___________________ арналған жағдай бойынша
Бюджет түрi - ________________________
Кезеңдiлiгi - айлық, тоқсандық, жылдық
Әкiм­шi
Бағ­дар­ла­ма
Кi­шi бағ­дар­ла­ма
Ата­уы
Қарыз со­ма­сы, мың тең­ге
Бе­ре­шек­тiң қа­лып­та­сты­ру се­беп­терi
1
2
3
4
5
6
Бар­лы­ғы
Мемлекеттiк бюджетке қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын
ведомствоның/бюджеттi атқару
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
органның басшысы ____________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Деректердi жасау үшiн жауапты
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ____________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

5 Өзара өтелетiн төлемдер операциясы бойынша деректер

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 295 бұйрығына
5-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және
беру ережесіне
19-қосымша
Нысан
Өзара өтелетiн төлемдер операциясы бойынша деректер
_________________________________
(жергiлiктi бюджеттiң атауы)
____________ жылға
1-27 нысанына Қосымша
Есеп жасалынды: уақыты
ХN парағына дейiн
Республика (область, қала, аудан) ______________________
Мерзiмдiлiгi айлық, жылдық _____________________________
Өлшем бiрлiгi: мың. теңге
Бюд­жет­тiк жiк­теу жүй­есi
Ата­уы
Есеп­тi қар­жы жы­лы­на бекiтiл­ген бюд­жет
Есеп­тi қар­жы жы­лы­на нақ­ты­лан­ған бюд­жет
Есеп­тi қар­жы жы­лы­на тү­зе­ту ен­гiзiл­ген бюд­жет
Түсiм­дер мен тө­лем­дер­дi қар­жы­лан­ды­ру жөнiн­де­гi жиын­тық жос­па­ры, есеп­тi жы­л­ға мiн­дет­те­ме­лер­дi қар­жы­лан­ды­ру жөнiн­де­гi жиын­тық жос­па­ры
Қа­был­дан­ған мiн­дет­те­ме­лер
Тө­лен­бе­ген мiн­дет­те­ме­лер
Бюд­жет түсiм­дерiнiң орын­да­луы/неме­се бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша тө­лен­ген мiн­дет­те­ме­лер (сол бағ­дар­ла­ма ба­ғы­тын­да­ғы)
Есеп­тi жы­л­ға түсiм­дер мен тө­лем­дер­дi қар­жы­лан­ды­ру жөнiн­де­гi жиын­тық жос­па­ры­на бюд­жет түсiм­дерiнiң орын­да­луы/неме­се бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша тө­лен­ген мiн­дет­те­ме­лер (сол бағ­дар­ла­ма ба­ғы­тын­да­ғы)
Орын­да­ла­тын (бекiтiл­ген, нақ­ты­лан­ған, тү­зе­ту ен­гiзiл­ген) бюд­жет­ке, бюд­жет түсiм­дерiнiң орын­да­луы/неме­се бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша тө­лен­ген мiн­дет­те­ме­лер (сол бағ­дар­ла­ма ба­ғы­тын­да­ғы), %
Тө­лем­дер бой­ын­ша
Мiн­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
I. Та­быст­ар
II. Шы­ғын­дар
III. Та­за бюд­жет­тiк неси­е­лер
х
х
Бюд­жет­тiк неси­е­лер
Бюд­жет­тiк неси­е­лер­дi өтеу
IV. Қар­жы ак­тив­терiнiң опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша қал­дық
х
х
Қар­жы ак­тив­терiн са­тып алу
Мем­ле­кет­тiк қар­жы ак­тив­терiн са­ту­дан түс­кен түсiм­дер
V. Бюд­жет тап­шы­лы­ғы (про­фи­ци­ті)
х
х
VI. Бюд­жет тап­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру (про­фи­ци­тін пай­да­ла­ну)
х
х
Қары­здар тү­сі­мі
Қары­здар­ды өтеу
Бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның пай­да­ла­на­тын қал­дық­та­ры
Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуын
жүзеге асырушы, ведомстваның
аймақтық бөлiмшесiнiң басшысы _________ ________________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
М.О.
Жиынтық жоспарды әзiрлеуге және
құрастыруға жауапты, құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы _________ ________________________
(қолы) (қолын ашып жазу)
Деректердi құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _________ ________________________
(қолы) (қолын ашып жазу)

Қолданыстағы