О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
- Атауы (қаз.)
- «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 569
- Қабылданған күні
- 21.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2014 AI49924_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090006000_
- ЭКБ идентификаторы
- 49924
- Редакция идентификаторы
- AI49924_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:43
0
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Тауар биржасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 158-ө өкімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің 2009 жылғы № 4 жиынтығында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
Ережеге 1-қосымшада, «Сатып алу тәсілі» деген бағанда реттік нөмірі 9-жолда, «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 3-қосымшаның Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің толтыруы бойынша нұсқамалардың тоғызыншы абзацында «ашық» деген сөз алынып тасталсын.