О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 562
- Қабылданған күні
- 12.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2014 AI56270_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006684
- ЭКБ идентификаторы
- 56270
- Редакция идентификаторы
- AI56270_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:56
0
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.3.5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5480 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде:
4-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемдері туралы есеп осы Ережеге тиісінше 1, 2, 2-1, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде күн сайын қалыптасады.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптасатын есептілікті қорытындылауды жүзеге асырады.»;
Ереженің 10-тармағында «2» деген цифрдан кейін «, 2-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уәкілетті орган жинау, қорыту және талдау жолымен мүдделі органдарға одан әрі ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында 1-ГЗ есептің, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің және қазақстандық мазмұн көлемдері туралы анықтаманың жиынтық деректерін қалыптастырады»
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
1, 2, 3-қосымшаларда «Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.» деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Әмрина Г.Ә.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 ____жылғы _____ жарты жылдыққа орташа кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны (тапсырыс берушінің атауы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 12 қарашадағы
№ 562 бұйрығына қосымша
Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу кезінде қазақстандық
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау ережесіне
2-1-қосымша
____жылғы _____ жарты жылдыққа орташа кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны (тапсырыс берушінің атауы)
N р/с
Барлығы (теңге)
оның ішінде
Тауарлар, барлығы
оның ішінде импорт бойынша
Жұмыстар, барлығы
оның ішінде резидент еместер орындайтын жұмыстар
Қызметтер, барлығы
оның ішінде резидент еместер көрсететін қызметтер
1
2
3
4
5
6
7
8
01
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып
03
оның ішінде орташа кәсіпкерлік субъектілерінен
.
Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.