О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 646
- Қабылданған күні
- 20.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2014 AI63034_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007393
- ЭКБ идентификаторы
- 63034
- Редакция идентификаторы
- AI63034_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:45
0
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде:
Ережеге 1-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есептің нысаны»;
Ережеге 2-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны»;
Ережеге 2-1-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны»;
3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық
мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесіне
қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат
Тапсырыс берушінің атауы
ҰҚНК
Шарт нөмір
Шарт күні
Сатып алу тәсілі
Шарт соммасы
шарттың мәнінің саны
қазақстандық мазмұн, теңге
қазақстандық мазмұн, %
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
оның ішінде
Тауарлар
жұмыстар
көрсетілетін қызметтер
Сомма, барлығы
тауардағы қазақстандық мазмұн, теңге
тауардағы қазақстандық мазмұн, %
Сомма, барлығы
жұмыстағы қазақстандық мазмұн, теңге
жұмыстағы қазақстандық мазмұн, %
Сомма, барлығы
көрсетілетін қызметтегі қазақстандық мазмұн, теңге
көрсетілетін қызметтегі қазақстандық мазмұн, %
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанының бағандағы сипаттамасы
Есептік деректер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде атқарушы шарттар бойынша қалыптасады Электронды түрдегі есепте келесі бағандар көрсетіледі:
«Тапсырыс берушінің атауы» 1-бағанында тапсырыс берушінің толық атауы болады «КОПФ» 2-бағанында тапсырыс берушінің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды болады «Шарт нөмірі» 3-бағанында шартқа берілген нөмір көрсетіледі
«Шарт күні» 4-бағанында "жылы, айы, күні" нысанында (00.00.0000) шарт жасасу күні көрсетіледі «Сатып алу тәсілі» 5-бағанында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың нақты тәсілі көрсетіледі «Шарт соммасы» 6-бағанында шарттың нақты соммасы көрсетіледі «Шарт мәнінің саны» 7-бағанында шарттың мәнінің саны көрсетіледі
«Қазақстандық мазмұн, теңге» 8-бағанында осы шарттағы қазақстандық мазмұнының жалпы соммасы теңгеде көрсетіледі «Қазақстандық мазмұн, %» 9-бағанында осы шарттағы қазақстандық мазмұнының үлесі пайызда көрсетіледі «оның ішінде» 10-18-бағандарында сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің қазақстандық мазмұнының көрсеткіштері жеке көрсетіледі