Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"

Бұйрық · № 105 · қабылданған 22.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-647-ekb-64329/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг" Күшін жойған Бұйрық ·№ 105 ·22.02.2012
26.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 105 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах казахстанского содержания при закупках товаров, работ, услуг"
Атауы (қаз.)
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
22.02.2012
Көрсетілген редакция
26.02.2014 AI64329_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007464
ЭКБ идентификаторы
64329
Редакция идентификаторы
AI64329_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:00

0

"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында,БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылдың 30 желтоқсанындағы № 647 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5480 тіркелген, Қазақстан Республикасы 2009 жылғы № 4 Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік орталық органдардың актілерінің жинағында жарияланған) бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынандай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрық атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы бекітілсін.»;
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Әмрина Г.Ә.) белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

0 Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 105 бұйрығына
қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Қағида мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды.

3 3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1

1) жергілікті мазмұн – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;

2 2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе;

3 3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4 4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

5

5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

2 2. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есептілікті жинау ережесі

4

4. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұн көлемдері туралы есеп осы Қағидаға тиісінше 1, 2, 2-1, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде күн сайын қалыптастырылады.

5 5. Жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат өспелі қорытындысыз мемлекеттік сатып алу туралы атқарушы шарттар бойынша беріледі.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ Заңның 37-бабының 6 және 7-тармақтарында тиісті жылы жүргізілетін төлеу бөлігінде көзделген жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат әрбір жылдың қорытындысы бойынша беріледі.

6 6. Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат, сондай-ақ Заңның 4-бабының 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген ақпарат веб-порталға ұсынылмайды.

3 3. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есептілікті қорыту

7 7. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын есептілікті қорытындылауды жүзеге асырады.

8 8. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептік деректер автоматты режимде қорытындыланады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы Қағидаға 1, 2, 2-1 және 3-қосымшаларға сәйкес жиынтық есеп түрінде қалыптастырылады.

9 9. Техникалық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады және 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 Қазақстан Республикасы қаулысымен бекітілген электрондық мемлекеттік сатып алу қағидасымен анықтайды.

4 4. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есептілікті талдау

10 10. Есептілікті талдауды мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады және:

ұсынылған есептік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алумен салыстыруды;
мемлекеттік сатып алудың веб-порталында есептік деректерді мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен салыстыруды;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұн көлемі туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда қамтылған мәліметтермен салыстыруды қамтиды.

11

11. Уәкілетті орган жинау, қорыту және талдау жолымен мүдделі органдарға одан әрі ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында 1-ГЗ есептің, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттың, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің және жергілікті мазмұн көлемдері туралы ақпараттың жиынтық деректерін қалыптастырады.

1 _____ жылғы ___ тоқсандағы жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп

Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
1-қосымша
нысаны
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
_____ жылғы ___ тоқсандағы жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп
Са­тып алу тә­сі­лі
Жол ко­ды
Са­ны
Са­тып алу­ға бө­лін­ген со­ма
(тең­ге)
Са­тып алу­дың жал­пы кө­ле­мі
(тең­ге)
оның ішін­де ше­тел­дік өнім бе­ру­ші­де
Жүр­гі­зі­л­ген са­тып алу­дан шар­тты үнем­деу
(тең­ге)
жүр­гі­зі­л­ген са­тып алу­лар
же­ңім­паз өнім бе­ру­ші­лер
оның ішін­де ше­тел­дік өнім бе­ру­ші­лер
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
Кон­курс тә­сі­лі­мен жүр­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік са­тып алу.
Бар­лы­ғы
01
оның ішін­де
екі са­ты­лы рә­сім­дер­ді пай­да­ла­на оты­рып
02
Ба­ға ұсы­ны­ста­рын сұ­ра­ту тә­сі­лі­мен жүр­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік са­тып алу
04
Бір көз­ден алу тә­сі­лі­мен жүр­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік са­тып алу.
Бар­лы­ғы
06
Оның ішін­де дәр­мен­сіз деп та­ны­л­ған кон­курс тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу бой­ын­ша
08
Оның ішін­де дәр­мен­сіз деп та­ны­л­ған ба­ға ұсы­ны­ста­рын сұ­ра­ту тә­сі­лі­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу бой­ын­ша
09
Заң нор­ма­ла­рын қол­дан­бай жү­зе­ге асы­ры­л­ған мем­ле­кет­тік са­тып алу
10
Ұй­ым­дас­қан элек­трон­дық са­уда-сат­тық­та жүр­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік са­тып алу
11
Та­у­ар бир­жа­сы ар­қы­лы өт­кі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік са­тып алу
12
Жүр­гі­зі­л­ген са­тып алу­лар­дың жиы­ны:
13

2 ___ жылғы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп

Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
2-қосымша
нысаны
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
___ жылғы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп
N
р/с
Бар­лы­ғы
(тең­ге)
оның ішін­де
Та­у­ар­лар, бар­лы­ғы
оның ішін­де им­порт бой­ын­ша та­у­ар­лар
Жұ­мыстар, бар­лы­ғы
оның ішін­де ре­зи­дент еме­стер орын­да­ған жұ­мыс
Қыз­мет­тер, бар­лы­ғы
оның ішін­де ҚР ре­зи­дент еме­сте­рі көр­сет­кен қыз­мет­тер
1
2
3
4
5
6
7
8
01
Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып алу­дың жал­пы кө­ле­мі
02
оның ішін­де ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нен

2.1 ____ жылғы _____ жарты жылдықта орташа кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп

Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
2-1-қосымша
нысаны
____ жылғы _____ жарты жылдықта орташа кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
N
р/с
Бар­лы­ғы
(тең­ге)
оның ішін­де
Та­у­ар­лар, бар­лы­ғы
оның ішін­де им­порт бой­ын­ша
Жұ­мыстар, бар­лы­ғы
оның ішін­де ре­зи­дент еме­стер орын­дай­тын жұ­мыс
Қыз­мет­тер, бар­лы­ғы
оның ішін­де ҚР ре­зи­дент еме­стер көр­се­те­тін қыз­мет­тер
1
2
3
4
5
6
7
8
01
Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып алу­дың жал­пы кө­ле­мі
02
оның ішін­де ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нен

3 _____ жылғы ___ айында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат

Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына
3-қосымша
нысаны
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
_____ жылғы ___ айында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпарат

р/р
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы
Са­тып алу тә­сі­лі
Шарт
Шарт ті­зі­лі­мін­де­гі жа­з­ба­ның нө­мі­рі
шар­ттың мәні
кү­ні
нө­мі­рі
Та­у­ар­дың ата­уы
жұ­мыстың ата­уы
жұ­мыстың ата­уы
та­у­ар­дың ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:
кестенің жалғасы
шар­ттың мәні
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
бір­лік үшін ба­ға­сы, тең­ге
са­ны
со­ма, тең­ге
та­у­ар со­ма­сы, тең­ге
жұ­мыс со­ма­сы, тең­ге
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің со­ма­сы, тең­ге
жал­пы со­ма, тең­ге
10
11
12
13
14
15
16
кестенің жалғасы
жер­гі­лік­ті маз­мұн
СТ-KZ сер­ти­фи­ка­ты
Та­у­ар (лар) да­ғы жер­гі­лік­ті маз­мұн үлес (тер)інің жал­пы құ­ны, тең­ге
өнім бе­ру­ші­нің ең­бе­ка­қы­сын тө­леу құ­ны
Қо­сал­қы мер­ді­гер­дің, бір­ле­сіп ат­қа­ру­шы­ның ең­бе­ка­қы­сын тө­леу құ­ны
Ең­бек­тің жал­пы құ­ны, тең­ге
Мем­ле­кет­тік са­тып алу ке­зін­де­гі жер­гі­лік­ті маз­мұн, тең­ге
Мем­ле­кет­тік са­тып алу ке­зін­де­гі жер­гі­лік­ті маз­мұн, %
СТ-KZ сер­ти­фи­ка­тын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­да­ғы жер­гі­лік­ті маз­мұн­ның үле­сі
жер­гі­лік­ті маз­мұн, тең­ге

се­рия
бе­рі­л­ген кү­ні
17
17-1
17-2
17-3
17-4
18
19
20
21
22
23
кестенің жалғасы
Шарт бой­ын­ша өнім бе­ру­ші (орын­да­у­шы­лар, мер­ді­гер­лер) ту­ра­лы ақ­па­рат
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы (же­ке тұл­ға­ның аты-жө­ні)
СТН
БСН, ЖСН
Мәр­те­бе­сі
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы (же­ке тұл­ға­ның аты-жө­ні)
СТН
БСН, ЖСН
Мәр­те­бе­сі
24
25
26
27
28
29
30
31
кестенің жалғасы
Та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер ту­ра­лы ақ­па­рат
Им­порт бой­ын­ша та­у­ар­дың құ­ны, тең­ге
Им­порт бой­ын­ша та­у­ар­дың жал­пы құ­ны, тең­ге
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы (же­ке тұл­ға­ның аты-жө­ні)
СТН
БСН, ЖСН
Ор­на­лас­қан елі
Мәр­те­бе­сі
32
33
34
35
36
37
38
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің толтыруы бойынша нұсқамалар
Оператор веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне ақпараттық жүйеде ол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы электрондық есептілікке қол жеткізу жүзеге асырылатын автоматтандырылған жұмыс орнын ұсынады.
Электрондық нысанда тапсырыс беруші мәліметті былайша енгізеді:
2 «Тапсырыс берушінің атауы» бағанында тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
3 «Сатып алу тәсілі» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәніне сүйене отырып, толтырылады:
конкурс - 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көз – 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда - 4;
ашық тауар биржалары арқылы - 5;
ерекше тәртіп – 6;
арнайы тәртіп – 7;
Заңның нормаларын қолданбай – 9.
4 - 5 «Шарт» бағандарында «күні, айы, жылы» форматында шарт жасасу күні (00.00.0000) және шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
6 «Шарт тізілімінде жазба нөмірі» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміндегі жазба нөмірі көрсетіледі.
7 «Тауардың атауы» бағынында шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауардың толық атауы көрсетіледі.
8 - 9 «Жұмыстың атауы» бағандарында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын жұмыстардың және тауардың атауы көрсетіледі.
10 «Көрсетілетін қызметтердің атауы» бағанында тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
11 «Бірлік үшін бағасы» бағанында тауарларды сатып алған кезде де, жұмыстарды сатып алған кезде де тауардың бірлігі үшін бағасы теңгемен көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
12 «Саны» бағанында 11-бағанда аты берілген тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
13, 14, 15, 16 «Сомасы, теңге» бағандарында шартқа сәйкес теңгемен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
Жұмыстарды сатып алған кезде жұмыстың (14-баған), тауардың (13-баған) сомасы және жалпы сома көрсетіледі.
17 «СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті мазмұнның үлесі» бағанында көрсетілген тауардағы жергілікті мазмұнның үлесі көрсетіледі.
17-1 «Жергілікті мазмұн, теңге» бағанында теңгемен сатып алынатын тауардың жергілікті мазмұны, тауардың, СТ-KZ сертификатында (17-баған) көрсетілген, тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесіне бөлінген сомасы (13-баған).
17-2, 17-3, 17-4 «СТ-KZ сертификаты» бағандарында СТ-KZ сертификатының нөмірі, сериясы, күні көрсетіледі. Күні «күн, ай, жыл» (00.00.0000) пішімінде көрсетіледі.
18 «Отандық тауардың жалпы құны» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың жиынтық мәні көрсетіледі.
19 «Өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны» бағанында өнім беруші жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
20 «Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны» бағанында қосалқы мердігер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
21 «Еңбектің жалпы құны» бағанында еңбекақының жалпы сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
22 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн» бағанында тауардың және еңбекке ақы төлеу құнын анықтайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн көрсетіледі.
23 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұн» бағанында жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнынан тауар мен еңбекақы құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталатын жергілікті мазмұн көрсетіледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті мазмұн мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін шарттың жалпы құнынан өнім беруші отандық тауар өндірушілерден сатып алатын тауар құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
24 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің аты-жөні көрсетіледі.
25 «СТН» бағанында салық төлеушінің – өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
26 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін көрсетіледі.
27 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
Отандық тауар өндірушілер – 1;
отандық өнім беруші – 2;
резидент емес – 3.
28 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің аты-жөні көрсетіледі.
29 «СТН» бағанында салық төлеушінің – қосалқы мердігердің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
30 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
31 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәніне сүйене отырып, толтырылады:
отандық тауар өндірушілер – 1;
отандық өнім беруші – 2;
резидент емес – 3.
32 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауар өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
33 «СТН» бағанында салық төлеушінің – тауар өндірушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
34 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
35 «Орналасқан елі» бағанында тауар өндірушінің орналасқан елі көрсетіледі.
36 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәніне сүйене отырып, толтырылады;
отандық тауар өндірушілер – 1;
резидент емес - 2.
37 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін теңгемен тауарлардың құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
38 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың жалпы құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).

Қолданыстағы