О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах местного содержания при закупках товаров, работ, услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 647 "Об утверждении Правил сбора, обобщения и анализа отчетности с учетом информации об объемах местного содержания при закупках товаров, работ, услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 13.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2014 AI71098_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008335
- ЭКБ идентификаторы
- 71098
- Редакция идентификаторы
- AI71098_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:44
0 "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылдың 30 желтоқсандағы № 647 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5480 тіркелген, Қазақстан Республикасы 2009 жылғы № 4 Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік орталық органдардың актілерінің жинағында жарияланған) бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде:
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
4 _____ жылғы ___ тоқсандағы жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 13 қаңтардағы № 71
бұйрығына қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті
мазмұнның көлемі туралы ақпаратты
ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту
және талдау қағидасына 1-қосымша
нысаны
_____ жылғы ___ тоқсандағы жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп
Сатып алу тәсілі
Жол коды
Саны
Сатып алуға бөлінген сома
(теңге)
Сатып алудың жалпы көлемі
(теңге)
оның ішінде шетелдік өнім берушіде
Жүргізілген сатып алудан шартты өнемдеу
(теңге)
оның ішінде шетелдік өнім берушілер
жеңімпаз өнім берушілер
оның ішінде шетелдік өнім берушілер
Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу.
Барлығы
оның ішінде екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып
аукцион тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу
Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу
Оның ішінде дәрменсіз деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша
Оның ішінде дәрменсіз деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша
Оның ішінде дәрменсіз деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша
Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу
Тауар биржасы арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу
Жүргізілген сатып алулардың жиыны