Об отчуждении стратегических объектов и внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отчуждении стратегических объектов и внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также
- Атауы (қаз.)
- Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 ма
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 10.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2017 109680_155591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000046
- ЭКБ идентификаторы
- 109680
- Редакция идентификаторы
- 109680_155591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:13
0
Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген «Үлбі-ЖБҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына стратегиялық объектілерді иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2
2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 76-жолмен толықтырылсын:
«
76.
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС қатысу үлесінің 51 %
»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-жолмен толықтырылсын:
«
33.
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС қатысу үлесінің 49 %
».
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының «Үлбі-ЖБҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 10 ақпандағы
№ 46 қаулысына
қосымша
«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының «Үлбі-ЖБҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі
Р/с№
Стратегиялық объект
Объектінің мекенжайы (орналасқан жері)
1
кадастрлық нөмірі 05:085:028:1009 жер учаскесiнде орналасқан жалпы ауданы 8684,5 шаршы метр ғимарат 600 бөлігі (А-М 32-44 осьтері), кадастрлық нөмірі 05:085: 1009:028:1009:1
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 1009, № 102/30
2
ауданы 0,4636 га нысаналы мақсаты Солтүстік және Оңтүстік өнеркәсіптік алаңша орналастыру болып табылатын, бөлінетін, кадастрлық нөмірі 05:085:028:1009 жер учаскесі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 1009, ғимарат № 102/30
3
ауданы 0,0650 га нысаналы мақсаты Солтүстік және Оңтүстік өнеркәсіптік алаңша орналастыру болып табылатын, бөлінетін, кадастрлық нөмірі 05:085:028:1015 жер учаскесі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 1009, ғимарат № 102/32