Об отчуждении стратегического объекта и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а такж
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отчуждении стратегического объекта и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а такж
- Атауы (қаз.)
- Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 26.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2018 122886_334060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000380
- ЭКБ идентификаторы
- 122886
- Редакция идентификаторы
- 122886_334060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:55
0
Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамына «Қызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 76 % қатысу үлесін «Степногорск тау-кен химия комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
2
2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 23-жол мынадай мазмұнда жазылсын:
«
23.
«Қызылту» ЖШС-ның қатысу үлесі 100%
».