О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 959
- Қабылданған күні
- 29.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2022 173485_607993.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000959
- ЭКБ идентификаторы
- 173485
- Редакция идентификаторы
- 173485_607993
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:36
0
«Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде реттік нөмірлері 57, 59, 63 және 67-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
57.
«Хиуаз Доспанова атындағы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ акциялар пакетінің 100 %
»;
«
59.
«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ акциялар пакетінің 100 %
»;
«
63.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ акциялар пакетінің 100 %
»;
«
67.
«Kyzyl-Zhar халықаралық әуежайы» ЖШС қатысу үлесінің 100 %
»;
«Халықаралық әуежайлар» деген бөлімде реттік нөмірлері 1, 4, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері
»;
«
4.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері
»;
«
6.
«Kyzyl-Zhar халықаралық әуежайы» ЖШС мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері
»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
«
39.
«Туркистан Интернэшнл Аэропорт» ЖШС қатысу үлесінің 100%
»;
«Халықаралық әуежайлар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
«
6.
«Туркистан Интернэшнл Аэропорт» ЖШС мүлкі: жер учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жермен жүру жолдары, магистральдық жермен жүру жолдары, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жабдығын энергиямен жабдықтау жүйелері, оның ішінде жарық-сигналдық жабдық және авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүйелері
».