О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгеріс пен толықтырул
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 891
- Қабылданған күні
- 11.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2022 181515_631540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000891
- ЭКБ идентификаторы
- 181515
- Редакция идентификаторы
- 181515_631540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:05
0
«Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Ұлттық почта желісі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген) почта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес орналастырылатын, қызметтер көрсету үшін жабдықталған және пошта байланысының стационарлық бөлімшелері түрінде жұмыс істейтін Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері
»;
«Ғарыш саласының объектілері» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:
«
12.
Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (Астана қаласы)
13.
Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (Астана қаласы)
14.
Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) ғарыш аппараттарын басқарудың жерүсті кешені (Астана қаласы)
15.
ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан ақпарат қабылдауға, оны өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешені (Астана қаласы)
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«
Ғарыш инфрақұрылымы
1.
«Боран» орбиталық кемесі:
1. Зауыттық нөмірі 2К1 11Ф35 бұйымы.
2. Зауыттық нөмірі МТ 11Ф35 бұйымының макеті.
».