О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 866
- Қабылданған күні
- 28.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2023 108744_648584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000866
- ЭКБ идентификаторы
- 108744
- Редакция идентификаторы
- 108744_648584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:34
0 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 77 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
«Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 5-бөлімде:
ескертпелер мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда штат санының лимиті шеңберінде ұйым басшылары қажет болған жағдайда лауазымдардың штат бірліктерін ауыстыруды жүзеге асыра алады.»;
«Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 8-бөлім:
мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:
«33. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған кезде конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.».