Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц"

Қаулы · № 1487 · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-77-ekb-76486/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц" Күшін жойған Қаулы ·№ 1487 ·31.12.2013
10.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1487 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1487
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
10.08.2023 76486_648590.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001487
ЭКБ идентификаторы
76486
Редакция идентификаторы
76486_648590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:10

0 "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
Бі­лім алушы­лар­дың са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны
280-ге дей­ін
281-560
561-840
841-1120
1121 және одан да көп
1
2
3
4
5
6
Ди­рек­тор
1
1
1
1
1
Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры
1
1
1
1
2
Ди­рек­тор­дың оқу-тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры
1
1
1
1
1
Ди­рек­тор­дың оқу-өн­ді­рі­стік жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры
1
1
1
1
1
Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры
-
1
1
1
1
Ди­рек­тор­дың оқу-әді­сте­ме­лік жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры
-
-
1
1
1
Кадр­лар бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі
-
1
1
1
1
Кадр­лар жө­нін­де­гі (ар­найы жұ­мыс бой­ын­ша) ин­спек­тор
1
1
1
1
1
Аға ше­бер
1
1
1
2
2
Ба­ста­уыш әс­ке­ри дай­ын­дық жө­нін­де­гі оқы­ту­шы-ұй­ым­да­сты­ру­шы
1
1
1
1
1
Пе­да­гог-пси­хо­лог
1
1
1
1
2
Әдіс­кер
1
1
1
2
2
Ме­ди­ци­на­лық би­ке (фельд­шер)
1
1
1
2
2
Бас бух­гал­тер
1
1
1
1
1
Бух­гал­тер
1
1
1
2
2
Оқу бө­лі­мі­нің хат­шы­сы
-
1
1
1
1
Хат­шы (іс­қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші)
1
1
1
1
1
Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі
-
-
1
1
1
Кі­та­п­ха­на­шы
1
1
1
1
2
Жа­тақ­ха­на мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
Пас­порт­шы (жа­тақ­ха­на бар болған­да)
0,5
0,5
1
1
1
Ша­ру­а­шы­лық (қой­ма) мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
Қой­ма­шы
-
1
1
1
1
Ко­мен­дант (әр­бір ғи­ма­рат­қа)
1
1
1
1
1
Бас ас­паз
1
1
1
1
1
Ас­паз
2
2
2
3
4
Ас үй жұ­мыс­шы­сы
1
1
1
2
2
Экс­пе­ди­тор
1
1
1
1
1
Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа)
1
1
1
2
2
Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры
1
1
1
2
2
Кү­зет­ші (әр­бір ғи­ма­рат­қа)
3
3
3
3
3
Вах­тер (әр­бір ғи­ма­рат­қа)
1
1
1
1
2
Жүк та­су­шы
1
1
1
1
1
Ескертпелер:

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.

2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.

3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.

4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді.

9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі.

10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді.

11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.

12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор.

13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесінде:

1 «1. Педагог қызметкерлердің лауазымы» деген бөлімде:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (басшысы, меңгерушісі);»;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы