О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2008 года № 9-54 «Об утверждении схемы зонирования земель поселка Карабулак»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2008 года № 9-54 «Об утверждении схемы зонирования земель поселка Карабулак»
- Атауы (қаз.)
- Ескелді аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» № 9-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13-89
- Қабылданған күні
- 12.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2023 112049_745971.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17DI004210
- ЭКБ идентификаторы
- 112049
- Редакция идентификаторы
- 112049_745971
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:26
0 Ескелді аудандық мәслихатының
2008 жылғы 30 қаңтардағы
«Қарабұлақ кентінің жерлерін
аймақтарға бөлу сызбасын
бекіту туралы» № 9-54 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ескелді аудандық мәслихатының «Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 9-54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-9-53 тіркелген, 2008 жылдың 21 наурызында «Жетісу шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауында, 1-тармағында және қосымшасында «кентінің» сөздері «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.