Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района от 30 октября 2009 года № 1 «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы»

Өзге акт · № 83 · қабылданған 26.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2009-no-1/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района от 30 октября 2009 года № 1 «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» Қолданыста Өзге акт ·№ 83 ·26.07.2019
26.07.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района от 30 октября 2009 года № 1 «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 83 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района от 30 октября 2009 года № 1 «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы»
Атауы (қаз.)
Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
26.07.2019
Көрсетілген редакция
26.07.2019 133977_417537.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CFH06309
ЭКБ идентификаторы
133977
Редакция идентификаторы
133977_417537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:00

0 Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 қазақ тіліндегі «Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-92 болып тіркелген, 2010 жылдың 7 қаңтарда «Қарғалы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде:
«Қарғалы ауданды Бадамша ауылдық округінің әкімі» сөздері «Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2 2. Қарғалы ауданының «Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

Қолданыстағы