О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 января 2009 года № 103 «Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 января 2009 года № 103 «Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 «Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 17.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2018 110616_316514.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CM005321
- ЭКБ идентификаторы
- 110616
- Редакция идентификаторы
- 110616_316514
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:09
0 Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 «Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 «Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-96 тіркелген, 2009 жылы 18 ақпандағы «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауында, мәтінінде және 1 қосымшасындағы «ставкасын», «ставкасы», «ставкалары», «№ 1 қосымшаға», «1 қосымша» сөздері «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелері», «қосымшаға» және «қосымша» сөздерімен ауыстырылсын.