О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 491/8
- Қабылданған күні
- 20.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2011 AI45761_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09PA000136
- ЭКБ идентификаторы
- 45761
- Редакция идентификаторы
- AI45761_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:22
0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті
тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы № 31, 2009 жылғы 17 наурыздағы № 32 "Сарыарқа самалы" газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы № 10 "Версия" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3 тарауда:
18-тармақтың 4)-тармақшасында "16 жасқа дейін" сөздері "18 жасқа дейін" сөздерімен ауыстырылсын;
20-тармақтың 13)-тармақшасында "ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға, сыйлықтар жинағына 3000 (үш мың) теңге, алушылардың жеке шотына" сөздері "ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға арналған сыйлықтар жинағына бағасы 3000 (үш мың) теңгеден жоғары емес" сөздерімен ауыстырылсын.