Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Қаулы · № 1533/26 · қабылданған 30.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2009-no-1302-ekb-49391/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 1533/26 ·30.11.2009
15.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1533/26 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1533/26
Қабылданған күні
30.11.2009
Көрсетілген редакция
15.07.2011 AI49391_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PA000147
ЭКБ идентификаторы
49391
Редакция идентификаторы
AI49391_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:53

0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы "Сарыарқа самалы" № 31 газетінде, 2009 жылғы 17 наурыздағы "Сарыарқа самалы" № 32 газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы "Версия" № 10 газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы 20-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
26) "ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының тістерін протездеуге; көмек мөлшері 15000,0 (он бес мың) теңге; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады";
27) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушылардың тістерін протездеуге; көмек мөлшері 15000,0 (он бес мың) теңге; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады";
28) ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқандардың тістерін протездеуге; көмек мөлшері 15000,0 (он бес мың) теңге; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады";
29) ҰОС мүгедектері мен қатысушылары 2010 жылға арналған "Ардагер-ветеран" газетіне жазылу үшін; көмек мөлшері 816,0 (сегіз жүз он алты) теңге;
төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады."

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.

Қолданыстағы