Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Қаулы · № 173/5 · қабылданған 03.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2009-no-1302-ekb-50705/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 173/5 ·03.02.2010
15.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 173/5 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173/5
Қабылданған күні
03.02.2010
Көрсетілген редакция
15.07.2011 AI50705_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PA000151
ЭКБ идентификаторы
50705
Редакция идентификаторы
AI50705_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:08

0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы "Сарыарқа самалы" № 31 газетінде, 2009 жылғы 17 наурыздағы "Сарыарқа самалы" № 32 газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы "Версия" № 10 газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Жалпы ережелер" 1-тараудағы:
13-тармақ алынып тасталсын;
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы:
18-тармақтың 5)-тармақшасындағы "Комиссия көп емес етіп белгілейді" сөздері алынып тасталсын;
20-тармақтағы:
2)-тармақшасындағы "Комиссия шешімі бойынша" сөздері алынып тасталсын;
3)-тармақшадағы "онкологиялық аурулармен" сөздерінен кейін "(диспансердің тізімі бойынша)" сөздері "(диспансердің бас дәрігермен куәландырылған анықтама бойынша)" сөздерімен ауыстырылсын;
13)-тармақшадағы: бірінші абзацтағы "қайтадан неке құрмаған жесірлері мен" сөздері алынып тасталсын; "2000 (екі мың)" цифрлары мен сөздері "5000 (бес мың)" цифрларымен және сөздерімен ауыстырылсын;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС жылдары қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен, жауынгерлердің қайтадан неке құрмаған жесірлері; ҰОС 65-жылдығына 65000 (алпыс бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек";
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС жылдары қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен, жауынгерлердің қайтадан неке құрмаған жесірлері, сыйлықтар жинағына 5000 (бес мың) теңге";
"Астана және Мәскеу қалаларында ҰОС 65-жылдығына орай өтетін шеруіне қатысу үшін Павлодар қаласы ардагерлер кеңесімен бекітілген тізімі бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; материалдық көмек 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде"; абзацпен толықтырылсын;
19)-тармақша алынып тасталсын;
21)-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"уәкілетті органдарда тіркелген және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген тұлғалар; бір айға (20 оқу күн) кәсіби оқу үшін төлемнің мөлшері бір оқушыға бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем оқу орындарымен берілген оқуға нақты қатысу табельдеріне сәйкес жүргізіледі;";
22)-тармақшадағы "Алматы қаласына жолақы төлеу үшін материалдық көмек мөлшері бір демалушыға 11000 (он бір мың) теңгеден көп емес, Щучинск қаласына бір демалушыға 5400 (бес мың төрт жүз) теңгеден көп емес." сөздері алынып тасталсын;
23)-тармақшадағы а) абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"ай сайын ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес тұрғын үйді ұстауға талап етілген шығындардың сомалары мөлшерінде.
Газды және шартты отынды (пеші бар үйлер үшін) сатып алу үшін төлем өтініш берушінің тіркелген мекенжайы бойынша газды және шартты отынды сатып алғанын растайтын құжат бойынша төленеді;
жергілікті атқарушы органның жалға берілген тұрғын үйдің төлемі есептелген жалға берілген төлем туралы шоттар негізінде жүргізіледі;";
24), 26), 27), 28), 29)- тармақшалары алынып тасталсын;
21-тармақ "9), 17)-тармақшалары үшін "баланың туу туралы куәлігі" сөздерімен толықтырылсын;
"Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметті төлеу" 5-бөліміндегі 26-тармақ алынып тасталсын;
"Жеңілдікпен жол жүру саласында әлеуметтік көмек" 6-бөліміндегі 34-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.

Қолданыстағы