О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Павлодара от 30 января 2009 года № 130/2 "Об утверждении инструкции по назначению социальной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 592/14
- Қабылданған күні
- 04.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2011 AI53010_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PA000157
- ЭКБ идентификаторы
- 53010
- Редакция идентификаторы
- AI53010_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:14
0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы "Сарыарқа самалы" № 31 газетінде, 2009 жылғы 17 наурыздағы "Сарыарқа самалы" № 32 газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы "Версия" № 10 газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3-тараудағы:
20-тармақтағы:
13)-тармақшасындағы бірінші абзацта "қайтыс болған соғыс мүгедектері мен оларға тең келетін мүгедектердің неке құрмаған әйелдері (ерлері) және де қайтыс болған соғысқа қатысушылар, партизандар, астыртын әрекет етушілер, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған азаматтардың әйелдері (ерлері)" сөздерінен кейін "ҰОС кезінде арнайы құрамалардың жұмысшылары" сөздерімен толықтырылсын;
"2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тізімінде жоқ ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, Жеңіс Күнінің 65-жылдығына тұрғын үйді жөндеу үшін 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде" абзацпен толықтырылсын;
"30) тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз санаттарынан жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті мөлшерінен төмен жүкті әйелдер екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үш ай аралығында, жүктілік бойынша ерте есепке тұрғанын растайтын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде;" 30)-тармақшамен толықтырылсын.