О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1725 «О создании акционерного общества «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1725 «О создании акционерного общества «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 20.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2020 140760_450320.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000150
- ЭКБ идентификаторы
- 140760
- Редакция идентификаторы
- 140760_450320
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:31
0 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын одан әрі дамыту мақсатында және «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-5-бабының 1-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қоғам тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы оператор болып белгіленсін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
1) тұрғын үй қорын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты талдау;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын насихаттау;
3) тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың электрондық ақпараттық ресурстарының жұмыс істеуін және қалыптастырылуын әдіснамалық қамтамасыз ету;
4) «Дербес деректерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау, талдау және сақтау, олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы үздік халықаралық практикаларды енгізуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
6) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
7) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жаңа, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
8) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді үйге ортақ есепке алу жабдықтарын лизингке беру;
9) жеке және заңды тұлғаларды кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мәселелері бойынша ақпараттық және әдіснамалық қолдау жөніндегі анықтамалық қызметті ақысыз негізде ұйымдастыру болып белгіленсін.».