О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 «Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 «Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхов
- Атауы (қаз.)
- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгеріс пен т
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 829
- Қабылданған күні
- 13.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2021 116592_527061.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000829
- ЭКБ идентификаторы
- 116592
- Редакция идентификаторы
- 116592_527061
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:50
0
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:
314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«314. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда:
1) екі кезеңдік тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеді деп танылған кезде;
2) тапсырыс берушілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім келіп түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру және толықтыру үшін сатып алу кезінде;
3) екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болса) белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймағанда;
4) өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде;
5) халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі – аналогтары жоқ тауарлар) әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден сатып алу кезінде;
6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу кезінде;
7) екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін сатып алу кезінде жүзеге асырады.»;
16-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-параграфпен толықтырылсын:
«8-1-параграф. Екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәсілінің тәртібі.
340-1. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алуға құқылы.
340-2. Хабарландыру берілетін екі кезеңдік тендердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық қызметтердің жалпы жылдық көлемі бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тиісті көлеміне азаяды.».