Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729

Қаулы · № 474 · қабылданған 26.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2009-no-1729-ekb-52727/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 Күшін жойған Қаулы ·№ 474 ·26.05.2010
04.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729

Күшін жойған Қаулы ·№ 474 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
474
Қабылданған күні
26.05.2010
Көрсетілген редакция
04.06.2021 52727_527059.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000474_
ЭКБ идентификаторы
52727
Редакция идентификаторы
52727_527059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:06

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
2-тармақтың 19) тармақшасындағы «дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі» деген сөздер «тек» деген сөзбен ауыстырылсын;
39-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-2-тармақпен толықтырылсын:

77-2

«77-2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын баға бойынша отыз күнге дейінгі қажеттілік кезеңіне сатып алуға дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері растаған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша жеткізу мерзімдерін Бірыңғай дистрибьютордың бұзуына байланысты тегін медициналық көмектің (жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда жол беріледі».

83 83-тармақ алынып тасталсын;

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 9-қосымшада:
6-тарауда:
6-тармақтың алтыншы абзацындағы «0,01%», «5%» деген сандар тиісінше «0,2%», «20%» деген сандармен ауыстырылсын;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне 11-қосымшада:
7-тарауда:
25-тармақта «0,1%», «10%» деген сандар тиісінше «0,2%», «20%» деген сандармен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы