О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 июня 2009 года № 22-610п "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2009-2010 учебный год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 июня 2009 года № 22-610п "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2009-2010 учебный год"
- Атауы (қаз.)
- "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 22-610қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-542п
- Қабылданған күні
- 16.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2013 AI59412_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11A0000680
- ЭКБ идентификаторы
- 59412
- Редакция идентификаторы
- AI59412_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:11
0 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 22-610қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 22-610қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдедегі № 587 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 103 (2424), "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 111 (2412) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2013 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармақта:
"2009-2010 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2009-2013 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"2009-2010 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2009-2013 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2013 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2 2. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов