О внесении изменений в решение акима Акжигитского сельского округа от 30 октября 2009 года № 7 «Көшелерге ат қою туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Акжигитского сельского округа от 30 октября 2009 года № 7 «Көшелерге ат қою туралы»
- Атауы (қаз.)
- Ақжігіт селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 «Көшелерге ат қою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 11.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2017 117122_267215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MCH03491
- ЭКБ идентификаторы
- 117122
- Редакция идентификаторы
- 117122_267215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:53
0 Ақжігіт селолық округі әкімінің
2009 жылғы 30 қазандағы № 7
«Көшелерге ат қою туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 «Бейнеу ауданының әкімшілік аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3309 болып тіркелген) сәйкес, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақжігіт селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 «Көшелерге ат қою туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-89 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 желтоқсандағы «Рауан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақжігіт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
бірінші сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:»;
екінші сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқада құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты
Ақжігіт мәдениет үйі, «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Бейнеу ауданының әкімдігінің «М.Бегенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге - «Тәуелсіздік»;».