О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 30 января 2009 года № 95 «Об установлении ставок фиксированного налога по Мугалжарскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 30 января 2009 года № 95 «Об установлении ставок фиксированного налога по Мугалжарскому району»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 «Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 13.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 111280_303501.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CI005382
- ЭКБ идентификаторы
- 111280
- Редакция идентификаторы
- 111280_303501
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:48
0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 «Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 «Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-95 тіркелген, 2009 жылдың 23 наурызында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мұғалжар аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
13 наурыздағы № 74 шешіміне
қосымша
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс он үшінші
сессиясының 2009 жылғы
30 қаңтардағы № 95 шешіміне
қосымша
Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
1
Ойын өткізу үшін пайдалынатын дербес компьютер
1,0
2
Бильярд үстелі
7,0
3
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1,0
4
Ойын жолы
20,0
5
Карт
4,0
6
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4,0
Ескерту: Тіркелген салықтық базалық мөлшерлемелерінің мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.