О внесении изменения в решение от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/11-IV
- Қабылданған күні
- 29.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 56960_274177.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VI000143
- ЭКБ идентификаторы
- 56960
- Редакция идентификаторы
- 56960_274177
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:21
0 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін жетілдіру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 38 «Ақ бұлақ» және 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 40 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
5 тармақ жаңа басылымда бекітілсін:
«5. Тұрғын үй көмегінің есебіне кіретін коммуналдық қызмет тұтыну нормалары келесі көлемдерде белгіленеді:
1) тұрғын үйдің пайдалы ауданының нормалары:
бір адам үшін – 15 шаршы метр;
жалғыз басты тұратын адамдарға – 30 шаршы метр;
бес және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін, 75 шаршы метрден аспауы тиіс;
2) газды тұтыну нормасы:
бір адамға - 5,5 килограмм;
3) электр қуатын тұтыну нормасы:
бір адамға – 90 кВт;
4) көмір тұтыну нормасы:
тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне - 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан аспауы тиіс.».