О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/2-V
- Қабылданған күні
- 01.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 77784_274179.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VI003194
- ЭКБ идентификаторы
- 77784
- Редакция идентификаторы
- 77784_274179
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:00
0 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 38 «Ақ бұлақ», 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 40 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
8-тармақтың 3)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық әкiмдердiң анықтамасы;»;
9-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді;».