О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV "Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Глубокое аудандың мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/7-V
- Қабылданған күні
- 24.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 82742_274173.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VI003466
- ЭКБ идентификаторы
- 82742
- Редакция идентификаторы
- 82742_274173
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:02
0 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Глубокое аудандың мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген, (2010 жылғы 17 қыркүйектегі «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына 1 қосымша алынып тасталсын;
аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына 3 қосымшада:
«Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы»
жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы».