О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV «Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 25/11-IV «Об утверждении Правил оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/7-V
- Қабылданған күні
- 23.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 86190_274169.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VI003656
- ЭКБ идентификаторы
- 86190
- Редакция идентификаторы
- 86190_274169
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:27
0 «Аз қамтылған отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету Қағидасын бекіту туралы»
Глубокое аудандық мәслихатының
2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
осы шешіммен бекітілген, аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат немесе оның сенімхат бойынша өкілі) Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат Агенттігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚО) немесе «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі –портал) арызбен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында белгіленген тұрғын үй көмегін алуға тиісті құжаттардың тізбесін береді».»;
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 3- қосымшасында:
«жынысы (әйел/ер)», «Салық төлеушінің тіркеу нөмірі» жолы алып тасталсын.