Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение внеочередной ХХХХІІ сессии районного маслихата от 30 ноября 2011 года N 361 "Об установлении единых ставок фиксированного налога по Сырдарьинскому району на единицу объектов налогообложения в месяц"

Өзге акт · № 59 · қабылданған 27.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2011-n-361/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение внеочередной ХХХХІІ сессии районного маслихата от 30 ноября 2011 года N 361 "Об установлении единых ставок фиксированного налога по Сырдарьинскому району на единицу объектов налогообложения в месяц" Күшін жойған Өзге акт ·№ 59 ·27.06.2012
29.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение внеочередной ХХХХІІ сессии районного маслихата от 30 ноября 2011 года N 361 "Об установлении единых ставок фиксированного налога по Сырдарьинскому району на единицу объектов налогообложения в месяц"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 59 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение внеочередной ХХХХІІ сессии районного маслихата от 30 ноября 2011 года N 361 "Об установлении единых ставок фиксированного налога по Сырдарьинскому району на единицу объектов налогообложения в месяц"
Атауы (қаз.)
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының N 361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
27.06.2012
Көрсетілген редакция
29.07.2016 66686_277287.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LH000180
ЭКБ идентификаторы
66686
Редакция идентификаторы
66686_277287
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:55

0 "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының N 361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

1

1. "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының N 361 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-161 болып тіркелген, 2012 жылғы 09 қаңтарда "Тіршілік тынысы" газетінің N 2 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы";
аталған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
аталған шешімнің қазақ тілі мәтініндегі кіріспе бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.

2 2. Осы шешім қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің Салық Комитеті
Қызылорда облысы
Салық департаменті
Сырдария ауданы бойынша
Салық басқармасының бастығы
__________________ Т.Н. Қожаназаров
"27" маусым 2012 жыл

3 2011 жылғы "30" қарашадағы

Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 361 шешіміне
1-қосымша
2012 жылғы "27" маусымдағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезекті VІІ сессиясының
N 59 шешіміне 1-қосымша
Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет
N
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3

Қолданыстағы