Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 1125 "Об утверждении Правил по разработке и утверждению положения о структурном подразделении государственного органа"

Қаулы · № 932 · қабылданған 05.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2011-no-1125/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 1125 "Об утверждении Правил по разработке и утверждению положения о структурном подразделении государственного органа" Күшін жойған Қаулы ·№ 932 ·05.09.2013
01.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 1125 "Об утверждении Правил по разработке и утверждению положения о структурном подразделении государственного органа"

Күшін жойған Қаулы ·№ 932 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 1125 "Об утверждении Правил по разработке и утверждению положения о структурном подразделении государственного органа"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
932
Қабылданған күні
05.09.2013
Көрсетілген редакция
01.09.2021 74270_538398.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000932
ЭКБ идентификаторы
74270
Редакция идентификаторы
74270_538398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:20

0 "Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидадағы 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ереженің жобасын бекіту мемлекеттік органның заң қызметімен келісілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ереже жобасының әрбір бетіне мемлекеттік органның кадр қызметінің және құрылған құрылымдық бөлімшенің басшылары (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды.
Ережені:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарда және олардың аумақтық органдарында – тиісті басшы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Парламентінің палаталары аппараттарында, Орталық сайлау комиссиясында, Конституциялық Кеңесінде, Жоғарғы Сотында, Қазақстан Республикасы Парламентiнің Шаруашылық басқармасында, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығында – тиісті басшы;
3) орталық атқарушы органдарда (орталық атқарушы органның басшысы немесе оның орынбасары жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде) – орталық атқарушы органның басшысымен (не оның міндетін атқаратын адаммен) келісім бойынша жауапты хатшы (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам);
4) орталық атқарушы органдарда және аумақтық бөлімшелерде (жауапты хатшы жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде) – жауапты хатшы (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам);
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, мәслихаттар мен әкімнің аппараттарында – тиісті басшы бекітеді.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы