О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1394 "Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1394 "Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета"
- Атауы (қаз.)
- "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 566
- Қабылданған күні
- 01.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 AI72844_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000566
- ЭКБ идентификаторы
- 72844
- Редакция идентификаторы
- AI72844_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:00
0 "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 79-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
«1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері» деген бөлімде:
«Болжанған алқаптың запасы пайызы» деген бағанның тақырыбы «, дейін» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Колорадо картоп қоңызы 30»;
«3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер» деген бөлімде:
мына:
«Өрмекші кене
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго
мақта
шанақтанудың басы-пісудің басы
танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтадағы өрмекші кене
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго
мақта
шанақтанудың басы-пісудің басы
танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)
Соядағы өрмекші кене
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго
соя
өсу кезеңі
өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық»;
мына:
«Мақта көбелегі
жұмыртқа, жұлдызқұрт
мақта
шанақтанудың басы-пісудің басы
100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтадағы мақта көбелегі
жұмыртқа, жұлдызқұрт
мақта
шанақтанудың басы-пісудің басы
100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт
Жүгерідегі мақта көбелегі
көбелек, жұлдызқұрт
жүгері
өсу кезеңі
бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Колорадо картоп қоңызы
қоңыздар
картоп
өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін
картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған
қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер
картоп
шанақтану кезеңі – гүлдену
түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді».