Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1718 "Об утверждении Правил оказания услуг связи"

Қаулы · № 1388 · қабылданған 31.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2011-no-1718/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1718 "Об утверждении Правил оказания услуг связи" Күшін жойған Қаулы ·№ 1388 ·31.10.2012
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1718 "Об утверждении Правил оказания услуг связи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1388 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1718 "Об утверждении Правил оказания услуг связи"
Атауы (қаз.)
"Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1388
Қабылданған күні
31.10.2012
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI68339_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001388
ЭКБ идентификаторы
68339
Редакция идентификаторы
AI68339_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:02

0 "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 279-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
3-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«15) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
16) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторының телефон байланысы қызметтерін көрсету аумағы;»;
40-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) байланыс операторына қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге берілген лицензия деректемелері;»;
42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш тиісті аумақта байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторына беріледі.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Интернет желісіне қол жеткізу операторы – Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсететін байланыс операторы;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттерге көрсететін байланыс қызметтерінің тізбесі оның телекоммуникация желісінің техникалық мүмкіндіктерімен айқындалады.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталынсын;
19-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өз желісінің жұмысын осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді;»;
20) тармақша алынып тасталынсын;
20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы