О внесении дополнений в решение Таскалинского районного маслихата от 30 марта 2011 года № 32-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по Таскалинскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Таскалинского районного маслихата от 30 марта 2011 года № 32-2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по Таскалинскому району"
- Атауы (қаз.)
- Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-3
- Қабылданған күні
- 18.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2013 65836_189641.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZK000164
- ЭКБ идентификаторы
- 65836
- Редакция идентификаторы
- 65836_189641
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:13
0 Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" газетінің № 18-19 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақта:
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға, санаторлық курорттық емделу алу үшін әлеуметтік көмек, бір жолғы - сауықтыру емделудің 10 күндік курсының ең төменгі төлемақы мөлшерінде;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына, бір жолғы – 5 000 теңге.".