О внесении изменений в постановление акимата от 30 декабря 2011 года № 372 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Алтынсаринском районе на 2012 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 30 декабря 2011 года № 372 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Алтынсаринском районе на 2012 год"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 "2012 жылға Алтынсарин ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 10.05.2012 65683_159723.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NE000147
- ЭКБ идентификаторы
- 65683
- Редакция идентификаторы
- 65683_159723
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:16
0 Әкімдіктің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 "2012 жылға Алтынсарин ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің "2012 жылға Алтынсарин ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-5-138 тіркелген, 2012 жылғы 2 ақпанда "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: "2012 жылға Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы және 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде";
"2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды бар бос жұмыс орындарының жолдауын квотаға сәйкес қамтамасыз етсін.".