О внесении изменения в постановление от 30 марта 2011 года № 738 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной и осенью 2011 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление от 30 марта 2011 года № 738 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной и осенью 2011 года"
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылғы 30 наурыздағы № 738 "2011 жылдың көктемі және күзінде азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулыға өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1189
- Қабылданған күні
- 21.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2011 AI61382_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VD000156
- ЭКБ идентификаторы
- 61382
- Редакция идентификаторы
- AI61382_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:25
0 2011 жылғы 30 наурыздағы № 738 "2011 жылдың көктемі және күзінде азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулыға өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2011 жылғы 30 наурыздағы № 738 «2011 жылдың көктемі және күзінде азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-147 тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырдағы № 21 «Мой город Риддер» газетінде жарияланды) келесі өзгерту енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес, аталмыш қаулының 1 қосымшасы жаңа басылымда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Соколоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Риддер қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, подполковник
Ә. Олжабаев
2011 ж. 21 қазан
«Риддер қаласының
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, подполковник
Р. Камзин
2011 ж. 21 қазан
«Риддер қаласының медициналық
бірлестігі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
Г. Кітаппаева
2011 ж. 21 қазан
4 2011 жылдың көктемі мен күзінде ер азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды жүргізетін қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Риддер қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қазандағы
№ 1189 қаулысына
қосымша
2011 жылдың көктемі мен күзінде
ер азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды жүргізетін
қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы:
Әлібек Дәуітұлы Олжабаев, «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)
Комиссия төрағасының орынбасары:
Елена Васильевна Соколова, Риддер қаласының әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушы
Комиссия мүшелері:
Айбек Мамашұлы Жақанбаев, «Риддер қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Ардагүл Ердосқызы Байсбаева, «Риддер қаласының медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт-дәрігері (келісім бойынша)
Комиссия хатшысы:
Дария Қалиқанқызы Дюсупова, «Риддер қаласының медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі (келісім бойынша)