О внесении изменений в решение акима Кызылжарского сельского округа Иргизского района от 30 июня 2011 года № 8 «О наименовании улиц сел Курлыс, Жаныс би, Шенбертал Кызылжарского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Кызылжарского сельского округа Иргизского района от 30 июня 2011 года № 8 «О наименовании улиц сел Курлыс, Жаныс би, Шенбертал Кызылжарского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз ауданы Қызылжар селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 8 «Қызылжар селолық округі Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал селоларының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 29.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 86224_2849.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CEC04188
- ЭКБ идентификаторы
- 86224
- Редакция идентификаторы
- 86224_2849
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:12
0 Ырғыз ауданы Қызылжар селолық
округі әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 8 «Қызылжар селолық округі Құрлыс,
Жаныс би, Шеңбертал селоларының
көшелеріне атау беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 8 «Қызылжар селолық округі Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал селоларының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-138 санымен тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы «Ырғыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селоларының», «селосының» сөзі «ауылдық», «ауылдарының», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.