О внесении изменений в постановление акимата района от 30 марта 2012 года N 1871 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 30 марта 2012 года N 1871 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года"
- Атауы (қаз.)
- "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 1871 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1913
- Қабылданған күні
- 10.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2013 65480_196877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LI000222
- ЭКБ идентификаторы
- 65480
- Редакция идентификаторы
- 65480_196877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:17
0 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 1871 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер" туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 1871 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 11 сәуірінде N 10-9-219 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2012 жылғы 14 сәуірдегі N 37/7980/ шығарылымында жарияланған) қаулысының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1
"1. Шиелі ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін."
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.
3 3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Шиелі
аудандық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері Әмір Нұрлан Әмірұлы
________________ "10" мамыр 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Нурхожин Даулеткали Ергалиевич
________________ "10" мамыр 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы
________________ "10" мамыр 2012 жыл