Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 июля 2012 года № 132 "Об утверждении Правил подтверждения соответствия и присвоения квалификации специалистов нефтегазовой отрасли"

Бұйрық · № 411 · қабылданған 22.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2012-no-132/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 июля 2012 года № 132 "Об утверждении Правил подтверждения соответствия и присвоения квалификации специалистов нефтегазовой отрасли" Күшін жойған Бұйрық ·№ 411 ·22.06.2015
01.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 июля 2012 года № 132 "Об утверждении Правил подтверждения соответствия и присвоения квалификации специалистов нефтегазовой отрасли"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 411 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 июля 2012 года № 132 "Об утверждении Правил подтверждения соответствия и присвоения квалификации специалистов нефтегазовой отрасли"
Атауы (қаз.)
"Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
411
Қабылданған күні
22.06.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI92689_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011802
ЭКБ идентификаторы
92689
Редакция идентификаторы
AI92689_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:28

0 "Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7934 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасында:
3-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

15

«15) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен белгіленген тәртіпте аттестатталған маман;».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі                        В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
_________________ А. Сәрінжіпов
25 маусым 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________________ Т. Дүйсенова
26 маусым 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
1 шілде 2015 жыл

Қолданыстағы