Құжат мәтініне өту

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2012 года № 1520 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2013-2015 годы"

Қаулы · № 347 · қабылданған 13.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2012-no-1520-2013-2015-ekb-72037/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2012 года № 1520 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2013-2015 годы" Қолданыста Қаулы ·№ 347 ·13.04.2013
13.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2012 года № 1520 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2013-2015 годы"

Қолданыста Қаулы ·№ 347 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2012 года № 1520 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2013-2015 годы"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және "2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347
Қабылданған күні
13.04.2013
Көрсетілген редакция
13.04.2013 AI72037_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000347
ЭКБ идентификаторы
72037
Редакция идентификаторы
AI72037_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:17

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және "2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19-бабына, «2013 — 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 3681105000 (үш миллиард алты жүз сексен бір миллион жүз бес мың) теңге сомасында қаражат, оның ішінде:

1

1) Жамбыл облысының әкімдігіне 2013 жылғы 12 қаңтардағы дауылды жел салдарынан зақым келген тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік мақсаттағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізу объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 2825043000 (екі миллиард сегіз жүз жиырма бес миллион қырық үш мың) теңге сомасында қаражат аудару үшін;

2

2) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне 2013 жылғы 11-13 қаңтардағы дауылды жел және тасқын салдарынан зақым келген тұрғын үйлерді, денсаулық сақтау, білім беру, шаруашылық жүргізу, әлеуметтік-мәдени және спорттық мақсаттағы объектілерді, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 856062000 (сегіз жүз елу алты миллион алпыс екі мың) теңге сомасында қаражат аудару үшін бөлінсін.

2 2. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 37-қосымшадағы 217-әкімші мынадай редакцияда жазылсын:
«
217
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі
58834270
010
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ре­зер­ві
58834270
100
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жо­ю­ға ар­нал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тө­тен­ше ре­зер­ві
8000000
101
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің шұ­ғыл шы­ғын­дар­ға ар­нал­ған ре­зер­ві
50234270
102
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің сот­тар­дың ше­шім­де­рі бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған ре­зер­ві
600000
».

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

4 4. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері 2013 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есеп берсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы