О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2012 года № 1520 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2013 - 2015 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2012 года № 1520 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2013 - 2015 годы"
- Атауы (қаз.)
- "2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 992
- Қабылданған күні
- 23.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2013 AI74457_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000992
- ЭКБ идентификаторы
- 74457
- Редакция идентификаторы
- AI74457_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:15
0 "2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген функционалдық топта:
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» деген 214 әкімші бойынша:
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне сумен жабдықтау жүйесiн дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттері» деген 041 бағдарламада:
бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
«2013 жыл» деген бағанда:
«Қызылорда облысы» деген жолда «3373983» деген сандар «3407332» деген сандармен ауыстырылсын;
«Маңғыстау облысы» деген жолда «213573» деген сандар «180224» деген сандармен ауыстырылсын;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген жолда «2356029» деген сандар «2356028» деген сандармен ауыстырылсын;