О внесении изменений в решение Мактааральского районного маслихата от 30 марта 2012 года № 3-13-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Мактааральского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мактааральского районного маслихата от 30 марта 2012 года № 3-13-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Мактааральского района"
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-151-V
- Қабылданған күні
- 24.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2017 78109_204900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UG002572
- ЭКБ идентификаторы
- 78109
- Редакция идентификаторы
- 78109_204900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:46
0 Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V «Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-7-166 тіркелген, «Мақтаарал» газетінің 2012 жылғы 18 мамырдағы 18 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
10 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдерінің анықтамасы;».